Жаңалықтар

82 млн теңге айыппұл салынды

Ел астанасында қоғамдық көліктерді күнделікті 750 мың адам пайдаланса, оның 30 пайызға жуығы жолақысын төлеуден жалтарады екен. Кеше бас қалада «Астана LRT» көлікті бақылау департаменті мен Полиция департаменті бірлесе отырып, «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Елордадағы қоғамдық көліктерге онлайн төлем жүйесі 2018 жылдың шілде айынан бастап енгізілген болатын. Бүгінге дейін билет тексеру барысында 19 мыңнан астам жолаушының жолақысын төлемегені анықталып, олар ҚР ӘҚтК 622-бабы 2-бөлігі бойынша 82 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салсақ, жолау­шыға билетсіз жүргені үшін 2 АЕК, яғни 5050 теңге айыппұл салынады. Жалпы, «Ав­тобус» рейді жолау­шыларды ғана емес, жүргізушілердің де жол тәртібін сақтау деңгейін қадағалайды. Биыл жол тәртібін бұзғаны үшін 923 жүргізушіге 9983575 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 4 жүргізуші 6 ай көлемінде көлік жүргізуден шеттетілді. Олардың бір бөлігі қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, жол белгілерінің талаптарын елемеу, қарсы бағытқа шығып кету секілді өрескел қателіктер жасағаны да белгілі болды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button