Жаңалықтар

Abu Dhabi Plaza құрылысы қашан аяқталады?

Елордада салынып жатқан Abu Dhabi Plaza ғимаратының құрылысы 97 пайызға аяқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мәлім етті.

[smartslider3 slider=853]

«Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Abu Dhabi Plaza нысанында қазір құрылыс-монтаждау жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Орындалған жұмыстың жалпы көлемі 97 пайыздан асады. 2021 жылдың соңына дейін сыртқы жұмыс­тарды толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары әрі қарай да жалғаса береді» делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қыз­меті ұсынған ақпаратта. Айта кетейік, Abu Dhabi Plaza – Орта Азиядағы ең ірі кешендердің бірі. Ол жалпы аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button