Әйел әлсіз емес

Астанадағы орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын, журналист-жазушы Фатима Забурақызының «Мықты әйел» кітабының таныстырылымы өтті.
Шараға Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева, Сарыарқа ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аяулым Адешова, елорданың зиялы қауымы, БАҚ өкілдері, ұстаздар, қаламгерлер, мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты.
Ұлағатты ұстаздар Қажымұрат Нәсиұлы, Роза Есенбаева, ақын, композитор Оспан Сүлеймен, журналист Айша Тұрмағамбетова, ақын Ардақ Игенова авторды құттықтап, жаңа кітабына жоғары баға берді. Диктор, мәдениет саласының үздігі Қуат Ахметжанов ақынның өлеңдерін, оқушылар «Мықты әйел» кітабынан үзінді оқыды. Фанида Нұрбаева бастаған «Есіл толқындары» ансамблі ән шырқап, тамаша көңіл күй сыйлады. Осының алдында «Менің әкем – ең жақсы адам», «Жарық ғалам» кітаптары шыққан Фатима Забурақызына Сарыарқа ауданы әкімінің алғыс хаты тапсырылды.