Мәдениет

АХҚО жаңалықтары

Жаһандық деңгейде мойындалды

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өз жұмысын бастағанына аз уақыт өткеніне қарамастан еліміздің инвестициялық дамуына елеулі үлес қосты. Ол беделді Жаһандық қаржы орталықтарының индексінде (GFCI26) 104 нысанның ішінен 51-ші орынды, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия­ның қаржы орталықтарының ішінен Ыстамбұл, Варшава, Будапешт, Мәскеу, Бакуден озып, 1-ші орынды иеленді. Демек, Қазақстанның бас қаласы – Нұр-Сұлтан әлемнің қаржы картасында мойындалған, халықаралық қаржы орталығына айналды деген сөз.
Биыл 25 қыркүйекте АХҚО Asiamoney жүлдесін алды. Әлемдік деңгейдегі беделді Asiamoney басылымының ұйғарымы бойынша, АХҚО 2019 жылы Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық және Батыс Азия аймағындағы «Белдеу және жол» бастамасы аясында «Жылдың үздік жобасы» аталымында ең үздік деп танылды.

Нұр-Сұлтанның көліктік қолжетімділігі артуда

Көліктік қолжетімділік – бұл кез келген қаржы орталығының даму деңгейі мен табыстылығының басты көрсеткіштерінің бірі. Ұлт жоспарының 73-ші қадамына сәйкес, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге тапсырма бергені мәлім. Бүгінгі таңда Үкіметтің қолдауымен осы жұмыс жалғасын табуда. Мәселен, биыл елордадан Токио мен Прагаға әуе рейстері ашылды. Алдағы уақытта Шанхай, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур және Цюрих сияқты әлемдегі аса ірі қаржы орталықтарына тікелей рейстер ашу жоспарланған.

300 компания тіркелді

Қазіргі кезде АХҚО-ның қаржылық реттегішіне әлемдегі 30 елден (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Гонконг, Сингапур, БАӘ, Ресей және т.б.) 300 компания тіркелді. 2020 жылдың соңына дейін олардың саны 500-ге ұлғаяды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап АХҚО ЭКСПО-қалашықтың С-3, С-4 павильондарына орналасты. АХҚО-ның органдары мен ұйымдары С-3 павильонына толықтай қоныстанды. Алдағы уақытта қаржы орталығының қатысушылары мен әріптестері (ЕҚҚБ, ЕАДБ, Қытай құрылыс банкі, Сбербанк және т.б.), қаржылық және технологиялық компаниялар С-4 павильонын игереді. Осылайша, АХҚО, Астана Хабы, Халықаралық жасыл технологиялар және инвес­тициялық жобалар орталығымен серіктестіктің нәтижесінде ЭКСПО-қалашық қаржылық-технологиялық хабқа айналды. Ол ірі инвес­торларға, қаржы институттарына және технологиялық нысандарға бірегей экожүйе құрды.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button