Жаңалықтар

Айыбы – қылмысты жасырғаны

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы 1987 жылы туылған азамат А.Сурагановтың үстінен Қылмыстық кодекстің 353-бабы бойынша (куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы) қозғалған істің процессуалдық шешімінің заңдылығын тексерді.

Қылмыстық іс құжаттарынан 2013 жылдың 17 қаңтар күні сағат 18:30-да А.Сураганов террористік актіге дайындалу айыбы бойынша қозғалған қылмыстық іске куәгер ретінде тергеушіге жауап беруден бас тартқаны анықталды. Не себепті жауап бергісі келмейтінін түсіндірмеген. Ол Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексінің талаптарын елемеумен қатар құқық қорғау органдарының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірген.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы А.Сурагановқа тағылған айыпты негізді деп тауып, айыпталушыны сотқа беру қаулысына қол қойды. Қылмыстық іс құжаттары әрі қарай қарау үшін сотқа жолданған.

Іс қорытындысы айыпталушыға пошта арқылы жіберілді.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button