Жаңалықтар

Әкімдік сайты – ашық ақпарат алаңы

Елорда тұрғындары мен қонақтары әкімдік жүзеге асыратын инфрақұрылымдық жобалар туралы кеңінен ақпарат ала алады.

Қала әкімінің сайтында елорданы дамытудың төрт бағыты бойынша қажет мәліметтер ұсынылған. Оның қатарында жол-көлік инфрақұрылымы, құрылыс, инженерлік инфра­құрылым және абаттандыру мәселелері қамтылған. Жылдың соңына дейін жұртшылыққа білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік блокты қосу көзделуде.
Бүгінде сәулет басқармасы әзірлеген елорданы дамыту­дың бесжылдық жоспары келісуге ұсынылды. Бекіткеннен кейін аталмыш жобалар жиынтығы да Астана қаласы әкімдігінің iKomek жобалық кеңсесіне енгізіліп, сайтта ашық қолданысқа шығарылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button