Сайлау - 2021

Әлеумет мәселесі – басты назарда

Елордада Nur Otan партиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткерлер «Астана» медицина университетінің студенттерімен онлайн жүздесті. Насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылған жиында нұротандықтар аталмыш саладағы түйткілді мәселелерді талқылап, болашақ мамандарды қызықтырған сауалдарға жауап берді.Жиынға қатысқан М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры Т.Нәрікбаев, жеке сот орындаушысы Т.Мамықанов, кәсіпкер, «Отбасы банкінің» кеңесшісі М.Ажикенова, №17 мектеп-гимназиясының директоры Р.Өмірбаева партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру мәселесін ортаға салды.
– Білім беру саласы мен үшін жіті таныс. Біздегі дәрігерлердің жалақысы төмен. Осы мәселе басты назарға алынады. Медицина мамандарының мәртебесін арттыру керек. Баршаңызды Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді Т.Нәрікбаев.
Сонымен қатар кездесуде әлеу­меттік сала мамандарына қолдау көрсету мәселесі көтерілді. «Мектеп басқарып келе жатқаныма 25 жылдан асты. Ал 20 жылдан бері Nur Otan партиясының мүшесімін. Партия адам құндылықтарын алға қояды. Халыққа қолайлы жағдай жасауды мақсат етеді. Әлеуметтік, газдандыру мәселелері бағдарламаға енген. Білім беру, денсаулық сақтау саласының шешілуі тиіс мәселелері көп. Әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету керек. Сонымен қатар еңбек адам өміріне қауіп төндірмеуі қажет» деді Рамзия Өмірбаева.
«Отбасы банкінің» кеңесшісі М.Ажикенова жастар мен оқытушыларды баспана алудың жолдарымен таныстырып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. «10 жылдан бері тұрғын үй мәселесі бойынша кеңесшімін. Баспана алудың, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдарын жалпақ тілмен қарапайым халыққа жеткізгім келеді. Жастардың баспаналы болуы үшін қаншама тұрғын үй салынуда. Жастарымызды несиеге байлап қою дұрыс емес. Сондықтан алдағы жылы «Нұр-Сұлтан жастары» атты жастарға арналған бағдарлама іске қосылады. Білім мен медицина саласына да көп көңіл бөлеміз. Бізге дауыс беріңіздер» деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button