БілімЖаңалықтар

ӘЛИХАНДЫ ӘСПЕТТЕДІ

eea1015a83592cc2002c3989086baa2b

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елордадағы жалпы білім беретін мектептерде оқитын 10-сынып оқушыларының арасында «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V қалалық зияткерлік байқауы өтті.

Айтулы шара осымен бе­сінші мәрте өтіп отыр. Ал­ғашқы сайыстың тақырыбы Елбасының даңғыл жолы­на арналған еді. Биылғы бай­қау – алаштың ардақты тұл­ғасы, тарихшы, публицист Әлихан Бөкейханның 150 жыл­дық мерейтойына орай өткізілді.
Сайыстың мақсаты – жас­­тардың білімге деген қызы­ғушылығын оятып, оларды отансүйгіштік рух­та тәрбиелеу. Байқауда көш­басшылық қа­білеттері мен шешендік шебер­ліктері төселген, қоғамдық жұ­мыстарға белсенді арала­сатын 12 оқушы бақ сынады. Көрнекті тұлғаның қай­раткерлік қыры мен өмір жолы туралы салмақты ойлар айтыл­ды. Пайымды пікірлер қозғалды. Жеткіншектер туған елінің тарихынан терең хабардар екендерін көрсетті.
Үш кезеңге бөлінген бай­қаудың нәтижесі бойынша бірінші орынды елордадағы №64 мектеп-лицейдің оқу­шысы Алан Несіпбек иеленсе, ал бас жүлдені №8 мектептің оқушысы Дидар Сейітхан жеңіп алды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button