БілімЖаңалықтарТаным

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

c

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев  елорданың ең дарынды оқушыларымен жүздесіп,  олардың үздік деп танылған инновациялық жобаларымен танысты.

Елорда басшысымен кездесуге  өз қатарының ғана емес, республикалық және шет елде өткен білім бәйгелерінде жоғары жетістікке жеткен жүйріктер жиналды.  Айталық, өткен оқу жылында 268 оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысып, оның ішінде 61-і алтын, 92-сі күміс, 102-сі қола медаль иегері атанып,  мемлекетіміздің абыройын асқақтатты.

Астаналық жеткіншектер ой-өріс деңгейін бағамдайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар жарысында он жыл қатарынан жалпыкомандылық есепте бірінші орынға ие болып, «ең үздік команда» атағын алып,  бас қаланың білім беделін биіктетіп келеді.

Пікірталас форматында өткен кездесуде оқушылар елорда басшысы Әсет Өрентайұлымен еркін әңгімелесіп, өз ойларын ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Азамат  ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button