Жаңалықтар

Апта ақпары

Денсаулық сақтауды дамытудың республи­калық орталығы таратқан мәлімет бойынша, 2012 жылы елордада тіркелген сырқат саны өт­кен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға азайыпты.

Айталық, қан айналымы жүйесінің кінәратымен шағымданғандар – 20 пайызға, оның ішінде жүректің ишемиялық аурулары – 56 пайызға, қан қысымының жоғарылауы 13,2 пайызға кеміген.

Ал, туберкулезге шалдыққандар – 21,3 пайызға, психикалық ауытқуға ұшырағандар – 2 пайызға, қатерлі ісік – 1 пайызға, анемия 9,2 пайызға аз тіркеліпті.

Мұндай көрсеткішке қол жеткізуіміздің басты себебі – елордалықтардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін ұдайы жүргізілетін скринингтік тексерулер мен медициналық көмектің сапасының артуы.

Аталмыш орталықтың мәліметі бойынша, Астанада өлім көрсеткіші де азайған. Мәселен, қан айналымы жүйесінен көз жұмғандар саны – 22 пайызға, туберкулезден – 25,5 пайызға, қатерлі ісіктен келетін өлім көрсеткіші 10 пайызға төмендепті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button