Жаңалықтар

АПТА ҰСЫНЫСЫ

Астаналық сәулетші Евгений Невеличков елор­да­ның сол жағалауы­ның үстін алып мөлдір күмбезбен жабуды ұсы­нып­ отыр.
Оның айтуынша, кәдімгі жы­лы­­жай­дың рөлін атқара­тын күм­без климаттың қолай­сыз­дығын жоюға көмек­те­седі.

Астананың үстіне диаметрі бір жарым-екі шақырымдық күмбез сол жақ жағалаудың бар­лық басты нысандарын жауып, Астананы жыл бойы 20 гра­дус жылылықта ұстап тұруға мүмкіндік береді екен.

Невеличковтың есептеуін­ше, күм­без­дің құны миллиард доллардай болады.

Осыған ұқсас фторпластик­тен­ жасалған биіктігі жарты ша­қы­рым және диаметрі шамамен бір жарым шақы­рым болатын алып күмбезді америкалық Хьюстон қала­сын­­да іске асыру шамаланып отырған көрінеді.

Сәулетші осындай конструкцияны салу арқылы сал­­қын ауа­ райының мәселе­сін толық шешіп, қалаға ми­л­­­лион­даған турис­терді тар­ту­ға болады дей­ді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button