Жаңалықтар

Ақылы автотұрақтар саны артады

Биыл жыл басынан бері елордадағы «Нұржол» бульварының бо­йындағы автотұрақ алаңдары ақыландырылған болған. Енді жақын уақытта олардың қатары тағы да артатыны белгілі болды.

Осыған дейін «Астананың көлік тұ­ра­ғы к­еңістігі» ЖШС директоры Ардақ Тұр­ғанқұловтан алған сұхбаттарымыздың бірінде келер жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам ақылы көлік орны пайда болатынын мәлім еткен болатын.
Қалалық әкімдікте «Астана қаласының ақылы көлік тұрағы кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы бойынша «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» ММ мен «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Ақылы тұрақтарды іске қосудың келесі кезеңі сол жағалаудағы Д.Қонаев, Достық, ал оң жағалауда Кенесары, Бейбітшілік, С.Сейфуллин, Желтоқсан, Жеңіс көшелерінде жүзеге асырылатын болады. Ардақ Тұрғанқұловтың айтуынша, тұрақ аймақтарын ұйымдастырып, жол белгілері мен ақпараттық тақталарды орналастыруға белгілі уақыт кетеді. Ол сөзінде аталған көшелердегі қай орындардың ақыландырылғаны бір ай бұрын ескертілетінін мәлім етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button