Мәдениет

Ақынды зерделеген он екі кітап

Ұлы ақынның туған күні, яғни 10 тамызда, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай академиясы» сериясымен жарық көрген кітаптардың таныстырылымы болды.

Абай күні мерекесінде ұйымдастырылған шара барысында дәл осы серия­мен шыққан кезекті 12 зерттеу еңбек жұртшылық назарына ұсынылды. Атап айтқанда, екі кітаптан тұратын «Абайдың ғұмырнамасы» (ғылыми-танымдық дерекнама жинағы), жоба жетекшісі – Е.Сыдықов, академик; 4 томдық «Абай және қазақ социумы» (ұжымдық мақалалар жинағы), жоба үйлестірушілері – академик Д.Қамзабекұлы, доценттер – Д.Айтмағамбетов, Е.Сайлаубай; «Абайдың пәлсапасы» (авторлық ой-толғаулар), қалам иелері – академик Ғ.Есім, РҺD Р.Кемербай; «Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы» (ғылыми ізденісті монография), авторы – профессор С.Негимов; Абай және оның әлеуметтік ортасы туралы «Соқтықпалы, соқпақсыз заманда өсті» (ғылыми ізденісті монография), авторы – профессор Т.Жұртбай; «Абай және Алаш сабақтас­тығы: тарихи-философия­лық, әдеби-лингвистикалық аспект Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы» (ұжымдық монография), жоба жетекшілері – академик Д.Қамзабекұлы, алаштанушы ғалым С.Аққұлұлы; «Абайдың педагогикалық дүниетанымы» (ұжымдық монография), жоба жетекшісі – профессор Р.Төлеубекова; Балаларға арналған «Бес асыл іс» танымдық жинағы. Жаңа технологияларға негізделген жоба жетекшісі – профессор Ж.Әскербекқызы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button