Жаңалықтар

Астана сәулетін айшықтады

Қазақстанның киелі жерлері» жобасы Астанадағы Оқушылар сарайының «Жас өлкетанушылары» тарапынан қолдау тапты. Осында тәлім алып жатқан талапты шәкірттердің ізденісінің нәтижесі ретінде «Астананың жалпыұлттық киелі орындары» кітабы жарық көрді.

Жинаққа енгізілген Астананың айшықты 20 нысанын жан-жақты зерттеліп, көркем безендірілген. Жас өлкетанушылар өздері тұрып жатқан қаласын, өз елін, өз тарихын құрметтеуге мән беріп, қатар-құрбыларына түсінікті, жеңіл тілмен жеткізе білген. Одан шәкірттердің өзіндік қолтаңбасы айқын сезіледі. Қала сәулеті туралы, елорданың басты ғимараттарында қолтаңбасы қалған Норман Фостер, Кисё Курокава және еліміздің белгілі сәулеткерлері туралы да мәліметтер бар.
«Астананың жалпыұлттық киелі орындары» кітабында елордамызда орналасқан тарихи нысандар туралы мәліметтер жинақталған. Оның ішінде «Бәйтерек», Бейбітшілік және келісім сарайы, Астаналық цирк, тағы басқа маңызды мәдени нысандар туралы қызықты деректер орын алған. Бұл кітап оқулықтың орнын алмастыра алмағанымен, Астананың тарихын меңгеру барысында жақсы бағдар бере алатыны сөзсіз» деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Набибулла Досболов кітаптың тұсаукесер рәсімінде.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button