Мәдениет

«Астана» – суперкубок иегері

«Астана Арена» стадионында өткен 2023 жылдың бірінші ресми матчында «Ордабасы» мен «Астана» командалары дәстүрлі суперкубокты сарапқа салды.

Суперкубок тағдыры ойынның бірінші таймында анықталды. Атап айтқанда, астаналық Алекс Амановичтің 8-минутта алыстан шірене соққан соққысына «Ордабасы» қақпашысы Мұхамеджан Сейсен тосқауыл бола алмады. Алайда арада бір минут өтпестен Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестіріп үлгерді. Ал бірінші таймның соңында астаналық Дембо Дарбо пенальти соғып, командасын алға шығарды. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермей қалды. Осылайша, Қазақстанның 6 дүркін чемпионы алтыншы рет суперкубок жеңімпазы да атанды.

Ал Қазақстанның премьер-­лига чемпионаты 4 наурызда басталады. Бұл күні «Астана» елордада Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдайды. Матч «Астана Арена» стадионында сағат 20:00-де басталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button