Жаңалықтар

Астана үздіктері анықталды

Бас қала тұрғындарының ішінен өз ісіне адал, еңбегі халықтың көңілінен шыққан жандарды көпшілікке танытуды мақсат еткен «Астана таңдауы» байқауы өз мәресіне жетті. Қала тұрғындары үдеден шыққан үздіктердің есімін анықтады.  

Осыдан бір жарым ай бұ­рын бас­­­талған байқауға қала тұр­ғын­да­­ры­­нан 170 өтінім келіп түскен. Ел­ор­­далықтар Астана қаласы әкім­­­­ді­­гінің сайтына кіріп, өздері қа­­ла­ған мамандық иелеріне онлайн ре­­жимінде дауыс берді.

Жиырма күннің ішінде дауыс беруге 90 мыңға жуық адам қатысқан.

Сонымен, жеңімпаздардың есімін атасақ, «Үздік педагог» атағының иегері Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Рабиға Иманқұлова болды. Оған жиырма мыңнан астам адам дауыс берген. Адам жанына араша түсетін дәрігерлер қашан да құрметке лайық. №1 Қалалық аурухана қызметкері, 23 жылдық еңбек өтілі бар Марат Абдулов «Үздік дәрігер» аталымында жеңімпаз деп танылды.

Тәртіп сақшыларының арасынан «Үздік учаскелік инспектор» атағын Сарыарқа ауданының 24 жастағы учаскелік инспекторы Мұрат Ширтаев иеленді. «№1 Автобус паркінің» қоғамдық көлік жүргізушісі Қанат Құлтаев өз саласының үздігі атанды. Жол жөндеуші Вячеслав Шевченко бұл байқауда 72 дауыс алды. Осы жетістікпен «ҚазақАвтожол» Ақмола филиалының қызметкері, 32 жылдық еңбек өтілі бар құрметті азамат «Үздік жолшы» атанды. «Астана-Жылутранзит» АҚ-ның Реттеу және тұтынушыларды есепке алу қызметінің бастығы Рауза Кәкімова «Энергетик» аталымы бойынша үздіктер қатарынан кө­­рін­­ді. Ал үздік құрылысшыға – 1 734 адам дауыс берген. Мұндай атаққа «Алтын ХХI» ЖШС қызметкері Сүндет Ізбасарұлы Үмбетов ие болды.

Осылайша жеті мамандықтың үз­­дік өкіл­де­рі елге танымал болды.

Астана әкімдігі сайтындағы халықтық да­уыс беру жүйесі тек бір адамға бір рет элек­­трон­­ды дауыс беруге мүмкіндік туғызды. Осы тұрғыдан алғанда, дауыс беру өте шынайы және әділетті өтті.

Жалпықалалық «Астана таң­­да­­уы» бай­­­қауының жеңім­паз­­да­ры 6 шілде күні Кон­­гресс-холл сарайында арнайы марапатталады.

Гүлмира Аймағанбет

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button