Басты ақпаратЕлорда тынысы

Астанада бесінші жаңа аудан болады

Елордада жаңа аудан құруды, сондай-ақ оның шекарасын белгілеуді көздейтін қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында талқылау үшін жарияланды.

Жобада көрсетілгендей, жаңа ауданның шекарасы 19336 гектарды құрайтын болады. Оның аумағы Есіл өзенінің бойы­мен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағымен және Қарқаралы тас жолының батыс жағымен оңтүстік шекараға дейін созылады.

Жаңа ауданның құрылуы тұрғындар санының артуына және тұрғын үй кешендерінің көптеп салынуына байланысты болып отыр. Осыған байланыс­ты Есіл ауданы аумағын екі ауданға бөлу жоспарланған.

Елорда болғалы Астана қаласында Сарыарқа, Алматы, Есіл және Байқоңыр аудандары құрылған болатын

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button