Жаңалықтар

Астанаға алма толды

Демалыс күндері «Қазақстан» спорт кешенінің жанында  Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Бұл жолы халыққа жалпы көлемі 470 тоннадан астам ауыл ша- руашылығы өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкені Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов аралады.
Жәрмеңкеде сөрелерге 48 түрлі өнімдер қойылды, соның ішінде ет, сүт, жеміс-жидектер, шұжық және шұжық өнімдері, балық, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майы, бал, ұлттық сусындар бар. Атап айтарлығы, жұрт алматылық апортты сатып алуға асықты. Алматы облысының өнім өндірушілері елордалықтарға 15 тоннадан аса алма әкелді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында Алматы облысының көркемөнер ұжымдарының концерті ұйымдастырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button