Мәдениет

Ата Заңға бейнебаян арнады

Елорда филармониясының әншілері Конституция күніне арнап бейнебаян түсірді. Елорда өнерпаздары қаламыздың көрнекі жерлерін аралап, әсем ескерткіштерінің жанында Ернұр Әзімбаевтың «Мәңгілік ел» патриот­тық әнін орындады. Ата Заңның 25 жылдығына орай түсірілген мерекелік бейнебаян қазақстандықтарға елордадан есте қаларлық тарту ретінде ұсынылды.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы қазақ халқына негізгі құқық пен бостандық берді. Заңның үстемдігі қазірдің өзінде елді маңызды нәтижелерге жеткізді және оның әрі қарай дамуына ықпал етуде. Қазақстанды модернизация­лауда елордамыз да елеулі үлес қосты. Сондықтан Нұр-Сұлтан филармониясының жаңа жобасында бас қаланың ең қызықты сәулеттік композициялары мен ғимараттарының әсемдігін де барынша қамтып, мерекелік көңіл күйлерін ән шашумен жеткізді.
«Филармония әртістерінің мерекелік сыйы біздің еліміздің патриоттарын қуан­тады деп сенемін» деді Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов.
«Конституция» бейнебаянына елорда филармониясының солистері Естай Мұқашев, Дос, Диана Маева, Дихан Ильяшев, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Айдын Жұмабаев, Шахризада және Бибігүл Тыныштық, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин және Дәстүр Асылхан орындады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button