Жаңалықтар

Аттракциондар қауіпсіз бе?

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қалалық әкімшілік алаңында «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қала әкімдігінің Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоныр аудандарының өкілдері, қалалық Ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары қатысты.
Жиын барысында жиналғандарға аттракциондарды жобалау, монтаждау, баптау, қолдану кезінде қауіпсіздік талаптары, сәйкестікті растау, сертификаттау жүргізу реті, сонымен қоса, техникалық регламент талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселелері түсіндірілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button