ӘлеуметҚала тіршілігі

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

IMG_1422

Биылғы Халықаралық қарттар күні мерекесі Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осыған орай, аталмыш аудан әкімдігінде салтанатты шара өтті.

Бүгінгі таңда Сарыарқа ауданында 25 000 зейнеткер тіркелген. Олардың арасында 103-і Ұлы Отан  соғысына қатысқан. Жалпы, аудандық ардагерлер кеңесінің жанында 124 бір­лестік бар. Олар егде адамдардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі қоғамдық шараларға қатысуына мұрындық болып келеді. Осылайша, аудандағы көп зейнеткер құрметті демалысқа шықса да, әлі де ел игілігі үшін еңбек етіп, жастарға үлгі-өнеге көрсетуде. Осы жөнінде кеңінен әңгімелей келе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенғаппас Ахметов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, аудан ардагерлері жыл сайын Астанада өткізілетін сенбіліктерге қатысып, елордамыздың гүлденіп-көркеюіне үлес қосумен бірге, айтулы мерекелерге орай ұйымдастырылатын мазмұнды да қызықты шараларға құрметті қонақ ретінде шақырылады. Сондай-ақ, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға белсене атсалысады. Бұл тұрғыда қариялар жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жолдауында назардан тыс қалған емес.

Одан әрі Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының орынбасары Бекболат Мұқышев залда отырған әріптестеріне қарап: «Сіздерді егде адамдар деуге мүлде аузым бармайды. Өзімді құдды бір комсомолдар ұйымының кезекті отырысында отырғандай сезініп тұрмын» деді. Ал, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов зей­нет­керлердің егде тартқандарына қарамастан, болашақ үшін, ел үшін аянбай еңбек етіп келе жатқанын, мемлекет те оларды қамқорлыққа алып, бар мүмкіндікті жасап отырғанын айта келе, сол үшін қала басшылығына алғысын жеткізді.

Сарыарқа ауданы ардагерлерінің кеңесі құрылған кезде қазіргі «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Сапар Ахметов сол ауданның әкімі болатын. Сондықтан да әу бас­тан осындағы барлық істердің басы-қа­сында болған ол кеңес жұмысына жақ­сы қанық екенін айта отырып, он жыл ішінде елордада атқарылған жұ­мыс­­тар мен тәрбиелік іс-шараларға, әсі­­­ресе «Ардагерлерді ардақтайық» ак­ция­сының маңыздылығына тоқ­талды.

Бас қаладағы зейнеткерлер мен ардагерлерге көрсетіліп жатқан көмек­тер мен жеңілдіктер де жетер­лік. Осы жөнінде әңгімелеген қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасы басшы­сы­ның міндетін атқарушы Ләззат Әбуова жыл өткен сайын зейнеткерлер қатарының көбейіп келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, 2007 жылы елорда зейнеткерлерінің саны 37 мың болса, 2012 жылы олардың қатары 52 мыңға жеткен. Ал, бүгінгі таңда Астанада 63 мың зейнеткер бар.

Сөз алғандардың барлығы да аудан зейнеткерлерін атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, аудан әкімі Е.Бөлекпаевтың атына алғыстарын айтып, ардагерлерге ізгі тілектерін білдірді. Белсенді зейнеткерлер алғыс хаттармен марапатталып, аға буын өкілдерінің құрметіне «Астана-плаза» мейрамханасында дастарқан жайылды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button