Елорда тынысы

Азаматтарды онлайн қабылдады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 10 отбасын онлайн қабылдады.

[smartslider3 slider=1924]

«Елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесумен қатар, апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Бүгін кезекті рет онлайн форматта 10 отбасын қабылдадым. Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың басым бөлігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға көмек көрсетуге қатысты болды. Жылдан-жылға оңалту орталықтарының желісі кеңейтіліп, мектептерде инклюзия кабинеттері ашылып жатыр. Сол сияқты жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында оңалту, шағын орталықтарын орналастырып жатырмыз.

Былтыр көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша аштық (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтармен қатар медицина қызметкерлері де балалармен жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру үшін инклюзивті «Qanattylar» театры ашылды. Сондай-ақ паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт кешенін саламыз, ал оңалту орталықтары желісін кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді жоспарымызға енгіземіз» деді А.Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button