SportЖаңалықтар

АЗИАДАҒА БАРАТЫН БОКСШЫЛАР БЕЛГІЛІ

img_gameOverview

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына баратын боксшылар тізімін жариялады.

Бас бапкердің айтуынша, құрамаға кіл мықтылар шақырылған. Олардың қата­рында Лондон Олимпиа­да­сының жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко, сонымен қатар, үш Әлем чемпионы бар. Құрлықтық бірін­шіліктің жүлдегерлері де ел на­мысын қорғайтын болады.

Ұлттық құрамадағы боксшылар тізімі мынадай: 49 келіге дейін Біржан Жақыпов, 52 келіге дейін Ілияс Сүлейменов, 56 келіге дейін Қайрат Ералиев, 60 келіге дейін Берік Әбдірахманов, 64 келіге дейін Айдар Әмірзақов, 69 келіге дейін Данияр Елеусінов, 75 келіге дейін Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіге дейін Әділбек Ниязымбетов, 91 келіге дейін Антон Пинчук, +91 келіде Иван Дычко.

17-ші жазғы Азия ойындары Кореяның Инчхон қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button