Жаңалықтар

Балалар сән шеруі өтеді

19 қараша күні сағат 17.00-де Тәуелсіздік сарайында «Kazakhstan Kids Fashion Show-2016» атты балалар сән көрсетілімі өтеді деп күтілуде.

4

Осымен төртінші мәрте ұйымдас­тырылып отырған сән шеруі бала мен отбасы тақырыбында болмақ. Оған қатысушыларды екі ай бойы арнайы кастинг арқылы таңдады. Нәтижесінде шараға төрт жастан бастап, он алты жасқа дейінгі жүзге жуық бала іріктелініп алынды.
Балалар сән көрсетілімінің бас продюсері, белгілі журналист Махаббат Есеннің айтуынша, бұл – тек қана шоу емес. «Шараны қатысушылардың тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себеп болатын баспалдақ ретінде бағалауымыз керек» дейді ол. Сондай-ақ, бұл кеште көптеген отандық дизайнерлер, бет әрлеуші, фотограф, режиссер және хореографтар шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Ал 27 қарашада «Сарыарқа» сауда орталығында жас дизайнерлер үздік жұмыстарын ұсынады.
Алдыңғы жылы кішкентай сәнқойлар Миланда өткен EXPO-2015 көрмесінде елімізді таныстырып, сән шеруін көрсетті. Жобаның қатысушылары Түркияда өткен EXPO-2016 көрмесіне де жолдама алған болатын.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button