Мәдениет

Бапкерлерді түгендеген туынды

«Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының бас серіктес болуымен, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының» (бас директоры Асхат Сейсембеков) тікелей қолдауымен «Қазақтың 90 бапкері» кітабы оқырманға жол тартты. Туынды авторы – белгілі спорт журналисі, Қазақстан Жастар одағының, Б.Бұлқышев және С.Бердіқұл атындағы республикалық байқаулардың, «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты Қыдырбек Рысбек. 

[smartslider3 slider=1747]

90 сүйекті мақалаға қосымша бұл еңбекке 60-қа тарта бапкердің деректері мен суреттері енді. Кітапта 563 фотосурет бар. Жаңа жинақта Тимур Сегізбаев (футбол), Аманкелді Рымқұлов (ауыр атлетика), Әбілда Ақшораев, Серікбай Тілеубаев, Жақсылық Тұрғанбаев (тоғызқұмалақ), Серік Тоқтарғазин, Мерей Көшкін, Сәдет Қасымов (самбо, дзюдо), Таңатқан Бөкин (параволейбол), Бақыт Қоқысбеков, Асан Жолдасбай (самбо), Оразәлі Мұхамедәлинов, Азамат Көкебай, Жұмахан Тұрғанбеков, Рақымжан Бақытжанов (грек-рим күресі), Сұлтан Қобыландин (көгалдағы хоккей), Орынбай Майкеев, Тимур Шатаев, Шаттық Қажымұқан (каратэ) секілді жаттықтырушылардың қысқа да түйінді тарихы мен шәкірттері туралы деректер енгізілді.

Сонымен қатар 1945-2021 жылдар аралығындағы қазақ спортының ең айтулы бапкерлері мен олар баптаған спортшылар бір кітапқа жинақталды.

«Алаштың атақты жаттықтырушылары жайлы тарихты алдағы уақытта жалғастыра түссек деген ниет бар» дейді кітап авторы Қыдырбек Рысбек.

Осының алдында спорт журналисінің «Қазақтың 72 бапкері» атты тарихи-деректі еңбегі жарық көрді.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button