Басты ақпарат

Бас шырша шамы жарқырады

Елордада «Нұр әлем» сферасының алдындағы алаңда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті. 25 метрлік шырша қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышына айналды.

[smartslider3 slider=1534]

Биіктігі 25 метр болатын шыршаның диаметрі 10 метрге жетеді. Ал салмағы – 4048 кг. Шырша шамдарын жағу рәсіміне Аяз ата мен Ақшақар, спортта, оқуда, шығарма­шылықта жетістікке жеткен елордадық жасөспірімдер қатысты. Шыршаға бір сәтте 1600-ден астам жаңа жылдық шарлар, 300-ге жуық үлкен және кішкентай ақ ұлпалар ілінді.

«Бүгін керемет мереке, әсіресе балалар үшін. Отбасымызбен бірге қаладағы ең үлкен шыршаны көруге, коньки тебуге және таза ауада демалуға келдік. Оның үстіне ауа райы өте қолайлы болып тұр» деп қала тұрғыны Анастасия алған әсерімен бөлісті.

Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, оның ішінде Ринат Малцагов, Маржан Арапбаева, балалар хоры және т. б. өнер көрсетті. Айта кетейік, елорданың барлық ауданында мұз қалашықтар, жаңа жылдық шыршалар, Аяз ата мен Ақша қар, аққала және өзге де атрибуттар орнатылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button