ӘлеуметҚала мен Сала

БЕЙБІТ КҮНДЕ ЕҢБЕК БӘСІ ЖОҒАРЫ

ДВД ЖОЛДАУ

Елдігімізді нығайтуға бағдар берген Елбасының Жолдауын елорданың полицейлері де талқылап, ойларын ортаға салды.

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға арналған жиын­ды Астана қаласы Ішкі істер де­партаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әу­бә­­кіров жүргізіп отырды. «Бұл – еліміздің әрі қарай даму бағы­тын айқындайтын басты құжат болғандықтан, ондағы әр тапсырманы орындау – қоғамға артылған жүк. Біз де жан-жақты, тұрақты дамуды көздеген стратегиялық құжаттағы бел­гі­ленген межелерге жетуге үле­сімізді қосуымыз қажет» деді департамент бастығы. Амантай Акрамұлы Елбасы Жолдауында экономиканы, шағын және кә­сіпкерлікті, көлік-жол құрылы­сын дамытумен қоса, бей­біт­­шілік пен тұрақтылықты сақ­­тау, патриотизмді дамыту мә­селесіне қатысты да көптеген жайттар айтылғанын атап өт­ті. «Мемлекет басшысының «Отанды сүю – бабалардан ми­рас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұ­­мы­сының түпкі мәні – осы!» дегенінде үлкен мән жа­тыр. Елордалық полицейлер қоғамның қауіпсіздігі мен бір­лігін қамтамасыз етуде сақадай сай болуы тиіс. Біз Елбасы атап өткендей, бейбітшілікті күн сайынғы еңбегімізбен қор­ғауымыз керек» деді Амантай Әубәкіров.

Жиында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Есім Тана­бер­генов те көпшілік атынан Жолдауға қатысты пікірін білдірді. «Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің алды­мызға қойып отырған мін­деттері жылдан-жылға артып ке­леді. Сондықтан еліміздің тәуел­­сіздігін нығайту жолында халықтың және сіз бен біздің істеп жатқан еңбектеріміздің барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуел­сіздіктің тұғырлылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жа­салуда. Осы жолда бәріміз ел­дің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін» деді ол.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button