Жаңалықтар

БЕЙБІТШІЛІК ШЕРУІ

Шеру2

Қазақстандық татарлар мен башқұрттар қауымдастығының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бейбітшілік шеруі жолға шықты.

Олар алдағы екі айда Қазақстан-Ресей-Украина-Румыния-Болгария-Грекия бағытында 7310 шақырым жолды жүріп өтіп, Уфа, Қазан, Мәскеу, Киев, Умань, Одесса, Татарбунары, Измаил, Константа, Варна, Карлово, София, Сидирокастро және Салоникиге дейін баруды жоспарлап отыр. Шерушілер аялдаған жерлерінде жергілікті тұрғындармен жүздесіп, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастық пен келісім қағидаттарын насихаттамақ.

Бейбітшілік шеруіне қатысушыларды шы­ғарып салған Татарлар ко­н­г­ресінің мүшесі Тауфик Каримов, Ресейдің мәдени және ғылым орталығының директоры Виктор Шулика, «Дуслык» татар мәдени орталығының жетекшісі Яннат Низамутдинова, С.Ғылмани атындағы мешіттің наиб имамы Әділ Ағытаев әртүрлі халықтардың, сан алуан мәдениеттердің арасын жақындатып, дәстүрлі дін өкілдерінің бір-біріне құрметін нығайтатын осындай ізгілікті шерудің маңыздылығын баса айтты.

Әлемдік мәдениет пен өркениеттердің, түрлі ұлттар мен конфессия­лар арасындағы кедергі­лер­ді жойып, халықаралық туризмді дамытуды көздеген бейбітшілік шеруі 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол жылы астаналық мұсылмандар Амман қаласына, ал 2012 жылы Татарстанның Қазан қаласынан шыққан шерушілер Грозныйға жол тартқан болатын.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button