Жаңалықтар

Белсенді жастар бас қосты

Қала маңындағы «Золотой фазан» демалыс орнында елорданың әр саладағы белсенді қыз-жігіттеріне арналған «Jastar jalyny-2019» лагері өтті.

Үш күнге созылған бұл іс-шараға қатысушылардың көбі – әлеуметтік жобамен ерікті түрде айналысып жүрген жас волонтерлер.
– Бүгінде «Астана жастары» ұйымында мыңнан аса волонтер тіркелген. Аталған көрсеткіш өсу үстінде. Жалпы, волонтерлік дегеніміз – үлкен мектеп. Соның арқасында біреуі – мемлекеттік қызметте, біреуі кәсіпкерлікте өз жолдарын тауып жатады. Алдағы «Волонтер жылының» аясында біз осы саладағы азаматтарды одан әрі ынталандырып, олардың санын арттырғымыз келеді, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.
«Астана жастары» мекемесінің жетекшісі Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, лагерь осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Оған іріктеу үрдісі онлайн тәртіппен жүргізілген. Шарт бойынша үміткерлер жасына еш шектеу қойылмаған, яғни қатысушылардың бірі – оқушы, бірі – студент, енді бірі – қызметкер. Өтініш берген жүз шақты адам өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button