Жаңалықтар

Биыл елордада 25 мыңнан аса оқушы бірінші сыныпқа барады

Құжаттарды қабылдау egov.kz электронды үкімет порталы арқылы және қағаз форматта жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа 21 406 өтініш беріліп, 16 123 өтініш қабылданған.

Жаңа оқу жылы, әдеттегідей 1 қыркүйектен басталып, барлық мектептер (1-11 сыныптарда) мен колледждерде оқу қашықтан жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушылары үшін (1-ден 4-ке дейін) «кезекші сынып» жұмыс істейді. Яғни, ата-­аналардың өтініші бойынша, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сыныптар» ашылады. Оқыту бірнеше ауысыммен ұйымдастырылады.
Мектепке оқуға құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін жүргізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button