Құқық

Борышкерге жауапкершілік күшейді

Астана қаласының Әділет департаменті, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Астана қаласының Полиция департаменті алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қолдана отырып «Борышкер» рейдтік шарасын өткізді.

Рейд барысында күні бүгінге дейін жалпы сомасы 23 075 219 теңге алимент берешегі бар 10 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Енді жеке сот орындаушылары аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізілетін болады.

Алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен алимент өндіріп алу шаралары одан әрі жалғаса түспек.

Жыл басынан бері Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары әкімшілік хаттама толтырған 38 борышкер Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудан­аралық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 8 борышкер 2-ден 5 тәулікке дейін қамау­ға алынып,  қалғандарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ал Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алимент төлемдерінен қасақана жалтарған 2 борышкерді ҚР ҚК 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Осы бағытта Астана қаласының Әділет департаменті Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және «Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығымен» бірлесе отырып, алимент төлемдері бойынша борышкерлерді белсенді әлеуметтік өмірге тартуға бағытталған «Бос орындар жәрмеңкесін» де өткізуде. Бұл бағыттағы  жұмыс одан әрі жалғаса береді.

Динара ОРДАБАЕВА

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button