Мәслихат

Депутатқа дән риза

Қалалық мәслихат депутаты Қарақат Абден шаһардың шеткі аймақтарының жағдайын бірнеше мәрте көтерді. Соның ішінде Пригородный тұрғын алабындағы №24 орта мектептің мәселелері де бар болатын. Аталмыш кентте жаңбырлы күндері жаяу жүру мүмкін еместігін, айналаны балшық, лай басатынын, оның үстіне қоқыс толып кететінін, тұрғын алапта әлі күнге дейін дұрыс жол жоқтығын айтқан депутат оқушыларды мектепке жеткізуді ұйымдастыру мәселесін де көтерген еді.

Жуырда кейінгі мәселе шешімін тауып, №24 орта мектепке «Schoolbus» автобустары оқушыларды тасымалдай бастады. Бұл автобустар қала әкімдігі есебінен қаржыландырылады. 500-ден астам оқушыны мектепке және кері қарай жеткізетін осындай арнайы төрт автобус бөлінді.
Жарты жыл бойы орнынан қозғалмай келген мәселені шешіп бергені үшін Қарақат Абденнің атына №24 орта мектеп директоры Ғабит Сүндетов пен ата-аналар атынан алғыс хат келіп түсті.
Осындай алғыс хат қа­лалық мәслихатқа К.Күмісбеков көшесіндегі №9/1, 9/2 үйлері тұрғындарынан да жіберілді. Онда: «Әсем қаламыз Астана тек сұлу­лығымен ғана емес, сондай-ақ, өзі­нің іскер адамдары­мен де танымал. Өз кезегімізде біз қалалық мәс­лихаттың депутаты ретінде үлкен қоғамдық жұмыстар атқарып жүр­ген Саят Нұрланұлы Бат­пеновтың жұмысына тоқтала кетуді жөн санадық. Ол кісінің қолға алуымен К.Күмісбеков көшесі, 9/1, 9/2 үйлері аулаларын абаттандыру бойынша көптеген жұ­мыс­тар атқарылды. Бала­ларға екі ойын алаңы, футбол алаңы салынды, көшеміз көгалдандыры­лып, жарық тартылды.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге қауіпті болған Күмісбеков және Кубрин көшелерінің қиылысына арнайы бағдаршам орнатылды. Жаяужолдарды абаттандыру бо­йынша жұ­мыс қарқынды жүруде. Алдағы уақытта көшемізде орналасқан, жаңа сәулеттің сәнін бұзып тұрған ескі гараж­дардың сүрілуіне қолғабыс етсе деген тілегіміз бар. Бұл тілегіміз жа­қын арада, яғни 2019 жылы жүзеге асады деп сенеміз.
Саят Нұрланұлының тағы бір айта кететін игі ісі – Күмісбеков көшесіне су құбырының тартылуы.
Су құбыры тартылғалы бері құбырдағы судың қысымы артып, су тоқтаусыз келіп тұратын болды.
Саят Нұрланұлы Батпенов сайлаушылардың өтініштерін жеке бақылауда ұстап, оның оң ше­шілуін қадағалайды. Оған көше тұрғындарының алғысы шексіз» делінген хатқа еңбек ардагерлері Асхат Тойкин, Фаина Тимофеева, Нұрмағанбет Тұңғатов қол қойған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button