Ел тынысы

Екі чемпион да елордадан

Астанада шорт-тректен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында елордалық спортшылар ел чемпионы атанды.

Чемпионаттың бірінші күні өткен ерлер арасындағы 1500 метрге жарыста елордалық Әділ Ғалиахметов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал екінші орынды Нұртілек Қажығали, қоланы Богдан Вехов иеленді. Әйелдер арасындағы бәсекеде астаналық Малика Ермек топ жарды. Күміс медальді Алина Әжіғалиева, қоланы Ольга Тихонова еншіледі.

«Алау» мұз сарайында өтіп жатқан ел біріншілігі бүгін өз мәресіне жетеді.

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button