Жаңалықтар

ЕЛБАСЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штат­тарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құт­тық­тау жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

20161109182013

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Д.Трампты құт­тықтап, биыл елдеріміз арасында дип­ло­матиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.
«Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Штаттары дүние жүзінде тұ­рақ­тылықты, қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Елбасы Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы әріптестігіміздің маңызды кезеңіне айналатынына сенім білдірді.
«Біз Кеңес жұмысына елеулі үлес қосып, АҚШ-пен барлық өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға әзірміз», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button