Ел тынысы

Елорда үшін сәтсіз тур болды

Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лигасында үшінші турдың ойын­дары өтті.

Еліміздің 6 дүркін чемпионы «Астана» командасы жоғары топқа биыл қайта қосылған «Елім-ай» клубынан ұтылды. Семейде өткен ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Бірақ матчтың аяқталуына 3 минут қалғанда «Елім-ай» шабуылшысы Роман Мұртазаев астаналық команданың қақпасынан саңылау тауып кетті. Ал матч басталғалы ойынның тізгінін ұстаған «Астана» футболшылары қалған уақытта қанша әрекет еткенімен, қарымта доп соға алмады.

Сондай-ақ елорданың тағы бір ұжымы, ұзақ жылдар премьер-лигада ойнамаған «Жеңіс» командасы да жеңілістің ащы дәмін татты. «Жеңіс» бұл жолы еліміздің 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» клубынан ойсырай ұтылды. Ақтөбеде өткен ойында 3:0 есебі тіркелді.

Турдың басқа ойындарында мынадай нәтижелер тіркелді: «Шахтер» (Қарағанды) – «Тұран» (Түркістан) 0:2, «Атырау» – «Жетісу» (Талдықорған) 0:1, «Қызылжар» (Петропавл) – «Тобыл» (Қостанай) 0:0, «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 1:2.

Әзірге турнир кестесін 7 ұпай иеленген
«Тобыл» бастап тұр. «Астана» – төртінші, «Жеңіс» оныншы орында келеді.

Премьер-лиганың келесі туры 6-7 сәуір күндері өтеді. «Қызылжар» – «Жеңіс», «Елім-ай» – «Қайсар», «Қайрат» – «Жетісу», «Ақтөбе» – «Атырау», «Шахтер» – «Астана», «Тұран» – «Ордабасы» командалары өзара кездеседі.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button