Денсаулық

Елордада 24 Жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді

         Астанадағы емханаларда 2008 жылдан бері ашылған 24 Жастар денсаулығы жұмыс істейді. Олардың басты міндеттері – 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар мен жастар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Сонымен қатар мұндай орталықтар мамандары жастарға аталған бағыттарда консультациялық, емдеу-диагностикалық, психологиялық көмек берумен, психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсетумен айналысады. Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық құрбандарына медициналық көмек беріп, құқықтық ағарту, денсаулық сақтау саласындағы құқық мәселелері бойынша кеңес береді және әлеуметтік-құқықтық қорғау қызметтерін көрсетеді.

– 2023 жылы жастар денсаулық орталықтарының саны 1,5 есе артты, бұл өз кезегінде жастар мен жасөспірімдерге арналған орталық қызметтеріне қолжетімділіктің өсуіне әкелді. Орталық мамандарының қызметтеріне жүгінген жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көбейді. Егер алдыңғы жылы Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтары көмегіне 52444 адам жүгінген болса, былтыр олардың саны 116219 адамға жеткен, – дейді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Жастар денсаулық орталықтары бойынша бас штаттан тыс үйлестірушісі Ақмарал Бегаева.

Мұндай орталықтарда  дәрігер педиатр, дәрігер терапевт, дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер уролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, заңгер, медбике сынды мамандар қызмет көрсетеді. Солардың бірі қаладағы №3 емханада 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. «Жас толқын» деп аталатын бұл орталық 14 жастан жоғары оқушылар мен студенттерді қабылдайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button