Жаңалықтар

Елордада үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

acd2e68a9bd8e043d0d2d4b3aa4

Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомтсвоаралық комиссияның отырысы аясында 58 нысан тұрақты бақылауға алынды. Аталған нысандардың құрылысында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдары сақталмаған, сондай-ақ, өндірістік жұмыстар кестеден айтарлықтай кешіктіріліп жатыр.

Тиісті бұзушылықтар қала тұрғындарының өтініштері бойынша және кезекші жоспар жасаудың нәтижесінде анықталды. Анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әрбір нысан бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі нақты алгоритм әзірленді. Нысандар тұрақты бақылауға алынды және мемлекеттік органдар өз құзыреттілігі шегінде белгіленген тәртіпте салушыларға анықталған ескертулерді жоюға көмек көрсетеді.

Бұл ретте қала әкімдігі нысандарды мемлекет қаржысы есебінен аяқтау мүмкін еместігін алға тартты.

Нысандардың толық тізімімен төменде тіркелген файлдан танысуға болады.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button