Жаңалықтар

Елордалар ендігі. 25-26 қыркүйек

АСТАНА. 1 қазан – Халықаралық музыка күнінде «Астана Опера» опера және балет театры камералық залының салтанатты ашылуы рәсімі өтеді.
Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрайымы Дариға Назарбаева қатысады. Ол пианист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшеевтің сүйемелдеуімен ән салады.

 

 

АБУ-ДАБИ. Мысыр соты «Мұсылман бауырлар» діни-саяси қауымдастығының қызметін тоқтатты. Сонымен қатар, сот үкіметті аталған ұйымның қаржысын тәркілеп, банк шоттарын уақытша жабуды міндеттеді. «Мұсылман бауырлар» 2011 жылы Хосни Мүбәрак тақтан құлағаннан кейін парламенттік және президенттік сайлауда жеңіске жеткен болатын.

 

 

 

ТОКИО. Жапондық шаруа салмағы 485,1 килограмм тартатын асқабақ өсірді.Асқабақ жалпы ұлттық «Жапониядағы ең үлкен асқабақ» сайысында бас жүлде алған. Сайысқа елдің түрлі аудандарынан 31 асқабақ тапсырылған. Алып асқабақтың иесі Кодзи Уэно екінші жыл қатарынан бас жүлдеге ие болып отыр.

 

 

 

ИСЛАМАБАД. Пәкістанның оңтүстік-батысында тербелісі 7,8 балл жер сілкінісі тіркелді.
Құрбандар саны 65 адамға жеткен. Алайда, бұл көрсеткіш әлі да көбеюі мүмкін. Жерасты дүмпулерінің салдарынан Белуджистан провинциясының тұрғын үйлері мен жаңа салынып жатқан құрылыстары қирап қалған. Араб теңізінде Гвадардың жағалық сызығынан шамамен 600 метрде кішігірім арал пайда болған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button