Елордалық полицейлер топ жарды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Республикалық маңызы бар қаланың үздік учаскелік полиция инспекторы» және «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі үздік учаскелік полиция инспекторы» байқауының қорытындысы шықты.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Жүнісбеков үздік учаскелік полиция инспекторы және Есіл аудандық полиция басқармасының полиция капитаны Ұлбосын Мұсабекова үздік учаскелік полиция инспекторы атанды. Байқау жеңімпаздары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың дипломымен, «Үздік учаскелік полиция инспекторлары» төсбелгісімен және «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты білімі тексерілді. Екінші кезеңде қазылар алқасы сайыскерлермен әңгімелесу арқылы үздіктерді таңдады. Соңғы кезеңде іріктеуден өткен қызметкерлер ресми аккаунттар мен республикалық ақпараттық порталдарда онлайн-дауыс беруге қатысты.