Мәдениет

Елордалықтар топ жарды

Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіруден IV қысқы Жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Шешуші жарыс күні 1500 метр мен масс-старттан үздіктер анықталды.

Әйелдер арасында 1500 метрде елордалық Алина Дауранова дараланса, Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алёне Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге қол жеткізді. Ерлер арасында бірінші және екінші орынды қостанайлық Вадим Якубовский мен Роман Биназаров алса, үшінші орын алматылық Михаил Глущенкоға бұйырды.

Ұлттық құрама спортшысы Алина Дауранова масс-стартта да мәреге бірінші келіп, осы ойындардағы 6-шы алтынын мойнына тақты. Қалған жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Кристина және Алина Шумековалар иеленді.

Осы маусымдағы соңғы жарыста сәтті өнер көрсеткен жерлесіміз Алина Дауранова жарыстан кейін былай деді: «Үш күнде 6 алтын медаль алдым. Енді аз-кем демалыстан соң келесі маусымға дайындықты бастаймыз».

Ерлер арасындағы тартысты сында алматылық Абдумәлік Асқардың мерейі үстем болды. Ол командаласы Михаил Глущенко мен елордалық Руслан Жанаділовтен бір табан алда болды.

Конькимен жүгіруден IV қысқы Жастар спорт ойындарында жалпы есепте Астана қаласы жеңіске жетсе, Қостанай облысы екінші, Алматы қаласының командасы 3-сатыға тұрақтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button