Шаһар шежіресі

Сара Есова – тың өлкесінде

Бұл сурет 1968 жылы Целиноград қаласында түсірілген. Сол кездегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.И.Лурье қоғам қайраткері, Алматы қаласындағы Республикалық ұлттық мұражайдың директоры Сара Сәтбайқызын өзі басқаратын музей қызметкерлерімен тәжірибе бөлісу үшін шақырады.

Алпысыншы жылдардың аяғында Тың өлкесінде көненің көзі саналатын жәдігер құндылықтарды іздеп тауып, жинақтап, жас ұрпақ тәрбие­сінің қайнар көзіне айналдыру жолында жоспарлы жұмыстар кеңінен етек алған болатын. Міне, осы негізде аты республикаға кеңінен танымал, осы саланың корифейі саналатын жанның тәлімгерлік тәлімімен бөлісу музей қызметкерлері үшін үлкен жетістік болды.

Іргетасы 1923 жылы қаланған бұл музей кейін әдістемелік орталыққа айналады. Астана қаласындағы қазіргі Сәкен Сейфуллин музейі осы музейдің әдебиет бөлімінің базасында ашылған.

Сара Есова целиноградтықтар үшін Қазақстандағы әйел теңдігі жолындағы бел буып күрескен қайраткер ғана емес, тұңғыш комсомол, әйел журналист ретінде де құрметтелетін. Ол 1937-1938 жылдарғы сталиндік қанды қасаптың құрбанына айналған бұрынғы Қазақ ССР-і Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың жары еді.

Суретте Сара Есова Целиноград облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен бірге.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button