Елорда тынысы

Ерекше ұлттық шоу

Ұлттық мереке қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Бейбітшілік және келісім сарайында Máńgilik el daýysy бірегей ұлттық музыкалық шоуы өтті. Көрермендердің қазақстандық эстрада жұлдыздарымен қосылып, бірге ән сала алуы шоудың басты ерекшелігі болды.

Жобаны қоюшы режиссердің көмекшісі Аида Ақтанованың айтуынша, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайтын жоба алғаш рет осындай ауқымда өтті. Концерттік бағдарламаны алдағы уақытта халық арасында кеңінен ұйымдас­тырып, барлық өңірде қою жоспарда бар.

– Көрермендер өнер жұлдыздарымен қосылып, ән салуы үшін танымал туындылардың мәтіндері арнайы LED-экрандарда көрсетіледі. Бұл – 100 пайыз тірі шоу, қойылым. Мұндай жобаларды көбі қолға ала бермейді. Бірақ біз осындай кең ауқымда концерт ұйымдастыруға бел будық. Әуендер жанды дауыста орындалады. Алдын ала жазылған музыка жоқ, – деп атап өтті ол.

Мерекелік думанда қазақстандық эстрада жұлдыздары өзінің үздік әндерін жанды дауыста орындады. Сахнада Әмре, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik, Ayree, Қайрат Нұртас сияқты танымал әншілер өнер көрсетті.

Осы күні «Қазақконцерт» орталық концерт залында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның Республика күніне арналған «Сенемін мен» атты концерті өтті.  Концертте белгілі әншілер Айгүл Елшібаева, Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиевалар да өнер көрсетті. «13 жылда еліміз алғаш рет Республика күнін тойлап жатыр. Қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтаймын! Бүгін тыңдармандарымды жаңа әндеріммен қуантамын» деді әнші. Роза Рымбаева «Бір бала», «Атамекен», «Қанекей, тілім, сөйлеші», «Әлия», «Жаңбырлы түн», «Сол бір кездер» секілді танымал әндерімен қатар «Тыңдарманыма», «Ғажайып шексіздік», «Сенемін мен» деген жаңа туындыларын да орындады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button