Жаңалықтар

Еріктілерге грант беріледі

Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы өтіп жатыр.

[smartslider3 slider=2728]

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған 350 000 теңге көлеміндегі шағын гранттар байқауын жариялады.

Белсенді азаматтардың, волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың бастамаларын қолдауға бағытталған бұл жоба үшінші жыл қатарынан іске асырылуда.

Байқауға қатысуға өтінімдер 22 сәуірге дейін қабылданады.

Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік проблемасын шешуге арналған және инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша іріктеледі.

Өтінімдер grants.2022@bk.ru поштасы арқылы қабылданады.

Байқау ережесі мен өтінім сілтемесі
@ns_jastary парақшасында жарияланған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button