Мәдениет

Естен кетпес есті әндер

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Халық әні» бөлімі «Астана кеші көңілді» концертін өткізді.

Кеште өткен ғасырдың жетпісінші, сексенші, тоқсаныншы жылдары халықтың жүрегінен орын алған естен кетпес есті әндер мен қазіргі танымал шығармалар шырқалды. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов­тың Торғай елінде сапарда болғанда туған «Арқалықтың ақ таңы», Әбілахат Еспаевтың «Маржан қыз», Қонысбай Әбіловтің «Бала махаббат», Қорабай Есеновтің «Жас қалам», т. б. композиторлардың туындылары тыңдарманның жан сарайын ашты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейхан, мәдениет саласының үздіктері Секен Сыздық, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Тельман Нүркенов, Данияр Мұқан, Әйгерім Нартүйе, халық­аралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Айнұр Қоныс­баева, Жақсыкелді Маясаров, Жандос Иманбай, Зинат Қасымова, Нұржан Мейірхан, Рахат Бегасылов, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай және филармонияның «Қорқыт» этноансамблі өнер көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button