Экономика

Еуростандартты жанармай өндіреміз

Қазақстанда «Еуро-4» жəне «Еуро-5» стандартына жанармай шығарылады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қазіргі таңда осы мақсатта еліміздегі үлкен үш мұнай зауытында жан-жақты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

«Жаңғырту нәтижесінде Қазақстанда «Еуро-4» жəне «Еуро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады. Сонымен қатар, біз ішкі жанармай нарығын сапалы бензинмен қамтуды көздеп отырмыз. Бұл мәселелерді жан-жақты талдап, алдағы жылдарға жоспар əзірлеуге кірістік» дейді Қ.Бозымбаев.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button