#Жаңа Қазақстан

Халқымыздың бірлігін сақтайық!

– Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күніне арналған мереке көпұлтты ел бірлігінің символына айналды. 1 наурыз – Алғыс айту күні – бәрімізді біріктіретін тамаша мереке! Бұл күні халқымыздың басынан өткен ауыр сынақ жылдарын асқан құрметпен еске аламыз. Қазақ жері миллиондаған адамдарды – түрлі ұлт өкілдерін, мәжбүрлі түрде көшіп келгендерді паналатып, жүрек жылуымен бөлісті. Бұл адамдар мен олардың ұрпақтары Қазақстаннан екінші Отанын тапты. Олардың көпшілігі республикамыздың дамуына үлкен үлес қос­ты. Мейірімділіктің, өзара көмектің, бір-бірімізге деген сыйластықтың арқасында біз қазір мың алғысты қазақ жерінде достық пен өзара түсіністікте тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл мерекенің басты мақсаты халқымыздың бірлігін сақтау деп ойлаймын. Еліміздің дамуындағы алдағы барлық табыстар қоғам бір­лігінің құнарлы топырағында ғана мүмкін болмақ. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Сіздерге бақыт, амандық, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!

Дмитрий ОСТАНКОВИЧ,

беларусь мәдени

орталығының төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button