Әлеумет

Кәсібін дөңгелеткен көпбалалы ана

Елордада «1000 орын – көше саудасы» жобасы аясында кәсіпкерлер өз ісін бастау үшін зор мүмкіндіктерге ие болып отыр. Өз ісін табысты жүзеге асыр­ғандардың арасында көпбалалы аналар да бар.

Жәмила Наурызбаева – бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Ол «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасына 2016 жылдан қатысып келеді. Кәсіпкер әйел көкөністер мен жемістерді сатуға арналған нысанды орналастыру үшін арнайы комиссияның шешімімен жер учаскесін алған болатын.
Аталмыш сауда орны көпбалалы анаға өз ісін дамытуға көмектесті. Өз ісін бір сауда орны арқылы табысты жүргізген Жәмила Наурызбаева 2018 жылы бағдарлама бойынша тағы да бір жер учаскесін алу үшін тиісті құжаттар тапсырыпты. Бүгінгі таңда кәсіпкер сауданы екі нүк­теде жүргізіп келеді. Осылайша ол өз отбасын асырап отыр.
«Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәлі­метіне сүйенсек, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша корпорация жыл сайын 15 жер учаскесін бөледі. Аталмыш жер учаскелері Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұсынымы бойынша халықтың әлеу­меттік жағынан осал топтарының қатарына кіретін кәсіпкерлік субъектілер арасында үлестіріледі.
Елорданың кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан «Astana» ӘКК» АҚ атына «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасына қосымша жер учаскелерін қосу жөніндегі бастамасын көтерді. Бұдан кейін аталмыш жер учаскелері квота бойынша кәсіпкерлік субъектілері арасында үлестірілуі тиіс.
Астананың кәсіпкерлер палатасы бекітетін ішкі тәртіп шеңберінде жер учаскесін квота бо­йынша алғысы келетін үміткерлерді іріктеу­ді өз бетінше өткізіп, таңдалған ұсынымды «Astana» ӘКК» АҚ-қа жолдайды. Қоғам өз кезегінде жер телімін қосалқы жалға алу келісімшартын бекі­ту жөнінде шешім шығарады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button