Руханият

Ғұламалар ғибраты

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі өзіндік орны бар дін ғұламаларының өмірі мен шығармаларын зерделеу бағытында айтарлықтай бірнеше шара өтті. Оның бірі Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ислам тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу орталығы қолдауымен «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» тақырыбында халықаралық конференция болса, Сәдуақас Ғылманидың «Заманымда болған ғұламалардың өмір тарихтары» атты еңбегінің ағылшын тіліне аударылған және өзінің араб қарпімен жазған түпнұсқасының жарық көрген басылымдарының тұсаукесері болды.


Кітапты ағылшын ті­ліне аудар­ған – Индиана уни­верситетінің профессоры Ален Франк, кітап қазіргі күні халықаралық амазон жүйесі арқылы Америкада, Еуропаның Орта Азия ел­деріндегі ислам тарихын зерт­теушілерінің арасында сұ­ра­нысқа ие болып, ғылыми ай­налымға тез енді.
Осы шараны ұйымдастырушы университет проректоры Дихан Қамзабекұлы дін ағартушысының артында қалдырған мұрасын жаңғыртудағы атқарылған іс­терге тоқталып, Сәдуақас Ғыл­манидың қызы Үкіжан апаға оқу ордасының «Күлтегін» ес­телік медалін табыс етті. «Мені әкесінің жақсылығын естісін деп Жаратқан 96 жасқа жеткізіпті. Әкем өмір бойы екі тізесінің үстіне қағазын қойып, қолынан қаламы түспей ізденумен өтіп еді. Сол жазбалары өшпей, бүгінгі ұрпақтың да, келер заманның қажетіне жарағанын көргеннен артық бақыт жоқ. Халқым аман болсын, еліме тыныштық тілеймін» деді Үкіжан апа. Жиынның қо­нағы болған бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қазақ то­пырағында діни ағарту мек­тебінің ежелгі дәстүріне шолу жасап, осы жолдағы ағар­ту­шылардың бірі Сәдуақас Ғыл­манидың да басты ұстын ретінде иман негіздерін алғанын айтты. Сол күнгі басқосуды ұлттық рухани құндылықтарын наси­хаттаудың тамаша үлгісі ре­тінде бағалады. Қоғам және дін қайраткері халық арасында Сәкен қалпе деп құрметпен аталған діндар ғалымның ру­ханиятымызға қосқан өлшеусіз еңбегі дін әдебиетіндегі мәулет шариф жанрын жаңғыртушы. Оның қаламынан туындаған мәуліт жырын бүгінгі күнде ҚМДБ жыл сайын өткізілетін пайғамбарымыздың туған күніне арналған мәуліт кешінде айтылып жүргенін білдік.
Салтанатты жиыннан кейін халықаралық конференцияның жұмысы Сәдуақас Ғылманидың өмірі мен шығармашылығы, Қазақстандағы ислам мәде­ниетінің тарихы, ислам зияткерлік дәстүрін зерттеу әдіснамасы төңірегіндегі ғалымдардың жа­саған баяндамаларымен жал­ғасты.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button