Мәдениет

Климт кереметі

Елорда төріндегі «Хас Санат» өнер галерея­сында Густав Климт көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасындағы Австрия елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған көрмеден ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген атақты суретшінің таңдаулы туындыларының репродукцияларын көрдік. Сурет әлеміне веналық модернизм стилін енгізуімен танылған Густав Климт өз заманының шын мәніндегі сыршыл суретшісі болғаны мәшһүр.


Көрменің ашылу салтанатында Австрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Герхард Сайллер алғашқы келушілерге ризашылығын білдіріп, атақты суретшінің шығармашылық өмірі туралы әңгімелеп берді.
Әр суретінің өзегінде адамның өмірге деген құштарлығы, көңіл-күйі, табиғатпен үйлесімділігі шынайы сезіммен өріліп берілгені аңғарылады. Түйсігі терең қылқалам шеберінің суреттерін сөзбен айтып емес, көзбен көріп қана тамсануға болады.


Олай болса, атақты австриялық суретшінің көрмесін тамашалауға мүмкіндігіңіз бар. Көрме аясында атақты суретшінің өмірі және шығармашылығы жайлы дәрістер оқылып, фильмдер көрсетіледі. Густав Климт көрмесі 15 маусымға дейін жалғасады.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button