Басты ақпарат

Көпбалалы аналарға қолдау көрсетіледі

Кеше елорда әкімі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев көпбалалы аналармен кездесті.

Кездесу барысында көпбалалы аналар баспана мәселесін сөз етті. Бақыт Сұлтанов бас қаладағы тұрғын үй мәселесі туралы түсіндірді. «Биыл кезекте тұрған астаналықтарға 900 пәтер беріледі. Жыл санап берілетін пәтерлердің санын көбейтуге күш салудамыз. Алайда менің де қала басшысы ретінде заңмен шектелетін құқығым мен міндетім бар. Заңға бәріміз де бағынамыз. Сондықтан баспана мәселесін шешуге кәсіпкерлерді тартуға жұмыс істеп жатырмыз» деді ол. Сондай-ақ әкім өз сөзінде тұрғын үй үшін кезекте тұрған азаматтарды аттап өтуге немесе оларды «ығыстыруға» болмайтынын жеткізді.


Биыл қала әкімдігі көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған 13 әлеуметтік шараны әзірледі. Оның ішінде аталған әлеуметтік топ өкілдеріне коммуналдық қызметтің бағасын төмендетуден бастап, көпбалалы отбасылардың мектепке баратын балалары және колледж бен жоғары оқу орындарында оқитын студенттеріне қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі берілді. 1-11 сыныпта оқитын көпбалалы отбасылардың балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Сонымен қатар көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының жеткіншектері мен жетім балалар үшін арнайы сауықтыру демалысы ұйымдастырылды. Осы санаттағы отбасы балалары мектеп формасымен және қажетті оқу құралдарымен тегін қамтылатын болады.
Сондай-ақ осы күні Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев та көпбалалы аналармен жүздес­ті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button